Ссылки доступа

Қырғыз саясаткері Азимбек Бекназаров 2 қарашаға дейін қамауға алынды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты саясаткер Азимбек Бекназаровты 2 қарашаға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Азимбек Бекназаровтың ұсталғаны 12 қыркүйекте белгілі болған. Арнайы қызмет бұл бойынша арнайы мәлімет таратып, оны қамау 2010 жылдың сәуір оқиғасымен байланысты екенін, банк күзетшілерінен және үкімет үйінен алынған ақшаны ұрлау ісімен байланысты екенін айтқан.

68 жастағы Азимбек Бекназаров Жогорку Кеңештің депутаты, бас прокурор, 2010 жылдағы Сәуір оқиғасынан кейін Уақытша үкіметтің төрайым орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың 23 қазанында Кемпірабад ісі бойынша ұсталып, биыл жазда ақталып шыққан.

XS
SM
MD
LG