Ссылки доступа

Тәшиев: "Ата-Жұрт" партиясы сайлауға қатыспайды


Қамчыбек Тәшиев
Қамчыбек Тәшиев

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы Қамчыбек Тәшиевтің мәлімдеуінше, "Ата-Жұрт" партиясы 17 қарашада жергілікті кеңес сайлауына қатыспайды.

Бұл туралы ол 16 қыркүйекте фейсбуктегі парағына жазды. Тәшиев "Ата-Жұрт" партиясын құрушылардың бірі.

Арнайы қызмет басшысының мәлімдеуінше, партия ол билікте отырғанда ешқандай сайлауға қатыспайды. "Ата-Жұрт" партиясы туралы айтқанда, бірден мені еске түсіреді. Сол себепті мен мемлекеттік қызметте отырған уақытта партияға сайлауға қатыстыру дұрыс емес. Бұдан қалды, мен оған 2026 жылы парламент сайлауына қатысуға да рұқсат бермеймін" деп жазды саясаткер.

Тәшиев сайлаушыларға осы сайлауда сыбайлас жемқорлыққа немесе қылмысқа байланысы жоқ үміткерлерге дауыс беруге кеңес берді. Бұған қоса, ол азаматтарды дауыс сатпауға шақырды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жергілікті кеңестерді таратып, жаңа сайлау тағайындау туралы жарлыққа 6 қыркүйекте қол қойды. Сайлау биыл 17 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG