Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсауға талпынған.
Мәліметтерге қарағанда, оқиға 16 қыркүйекте түнгі күзет кезінде болған. Жаралы аудандық ауруханаға түскен.
"Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Өміріне қауіп жоқ" деп мәлімдеді мекемедегілер.
Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
12 қыркүйекте Алматыда құрлық әскері институты аумағында 44 жастағы әскер қызметкерінің денесі табылған. Оқу мекемесіндегілер оның өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.
Бұған дейін Маңғыстау облысында қасақана кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғалды. Прокуратура мәліметінше, Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирі қатардағы сарбазды тапаншамен атқан. Сарбаз қайтыс болған. Күдікті ұсталып, Ақтаудағы тергеу изоляторына қамалған.