Ссылки доступа

Қазақстан Германияға жеткізетін мұнай көлемін көбейтуге дайын


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға мұнай экспортын көбейтуге дайын екенін 16 қыркүйекте Орталық Азия елдері басшылары мен Германия канцлері Олаф Шольцтың кездесуінде мәлімдеді.

Тоқаев сөзінде Қазақстан сенімді әріптес екенін және көмір сутектерімен тұрақты қамтамасыз ету үшін Германия қолдауына сенетінін жеткізді.

Тоқаев сонымен бірге Қазақстанда сирек кездесетін металдарды іздеу орталығын құруды ұсынып, елдегі бағалы және түсті металл кендерін іздеу және игеру үшін неміс инвесторларын тарту идеясын қолдады.

Саммит нәтижесі бойынша бірлескен декларация қабылданды. Германия канцлері Олаф Шольц Германия Украинаны қолдауды жалғастыра беретінін айтып, Ресей тараптан жалғасып жатқан агрессияға көңіл бөлді.

XS
SM
MD
LG