Ссылки доступа

WSJ: Ресей мен Украина соғыста миллионға жуық әскерін жоғалтты


2,5 жылға созылған масштабты соғыста қаза болған және жаралы болған ресейлік және украин әскери қызметкерлерінің саны миллионға жетті.

Бұл жөнінде The Wall Street Journal (WSJ) басылымы украин бұлақтарына және Батыстың барлау қызметі мәліметтеріне сүйеніп мәлімдеді.

Басылым нақты санды айту қиын екенін, себебі Ресей де, Украина да ресми мәліметтер жарияламайтынын, тек көпшілікті сендірмейтін сандарды айтумен шектелетінін жеткізген.

Украинаның жыл басындағы жасырын есебі бойынша, Украина қарулы күштерінде қаза болған сарбаздар саны 80 мың, жараланғандар саны 400 мың болған.

Батыс барлау қызметтерінің Ресейге қатысты есебі әртүрлі: кейбір дереккөз бойынша қаза болғандар 200 мыңға, жараланғандар саны 400 мыңға жетеді.

Басылым мәліметі бойынша, 2022 жылдың ақпан айынан бері 600 мыңға жуық адам Ресейден шығып кеткен. БҰҰ мәліметі бойынша Украинада алты миллионнан астам адам жер аударуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG