Ссылки доступа

БҰҰ Курск облысының Украина бақылауындағы бөлігіне баруға дайын


Суджа қаласында жүрген украин жауынгері. Курск облысы.
Суджа қаласында жүрген украин жауынгері. Курск облысы.

БҰҰ Курск облысының украин күштері бақылауындағы бөлігіне баруға дайын. Ол үшін Ресей рұқсат беруі керек. Бұл жөнінде БҰҰ өкілі Стефан Дюжарикке сүйенген "Америка дауысы" сайты жазды.

Бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрлігі БҰҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитетіне ресми түрде қайырылып, Курск облысының украин күштері бақылауындағы бөлекте гуманитарлық шараға қосылуды өтінген.

Қызыл крест ұйымының ресми өкілі Галина Балзамова "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында ұйымның қызметкерлері украин күштері бақылауындағы аумаққа баруға дайын, тек екі жақ миссия қызметкерінің қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек деп мәлімдеген.

Ресей билігі БҰҰ мен Қызыл крест ұйымының мәлімдемелеріне реакция білдірмеді. Украина сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін Мәскеу "арандату" деп атады. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков екі ұйым да Киевтің мәлімдемесіне "тиісті бағасын" беретін шығар деп үміттенетінін жеткізген.

Ресейдің Курск облысындағы украин күштері бақылауындағы бөлікте түрлі мәлімет бойынша мыңдаған тұрғын қалған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG