Сұрхандария облысы Байсун ауданында орналасқан компанияда күкірт-сутек газы қайтадан сыртқа шығып, жұмысшылар уланып қалғаны хабарланды.
Төрт адамның қаза болғанын ел президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов растаған.
Әлуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, Enter Engineering компаниясына тиесілі шахтада газ екі апта бұрын шыға бастаған.
М25 Өзбекстандағы ең ірі газ кендерінің бірі болып есептеледі. Онда жалпы қоры кемінде 150 млрд текше метр газ бар.