Облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 2021 жылы Восей ауданының тұрғыны Умед Камолов автокөлікті 62 мың сомониге сатып алуға келіскен, алайда көлік иелеріне бар болғаны 6 мың ұстатқан. Қалған 56 мың сомониді бермей кеткен.
Зағип жандар үш жыл бойы ақшасын да, автокөлікті де қайтарып ала алмаған.
Умед Камоловтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы Тәжікстанда 4 мыңнан аса ұрлық тіркелген.