Ссылки доступа

Қырғыз тілін оңай үйренуге болатын қосымша әзірленді


Мемлекеттік тіл және тіл саясаты бойынша ұлттық комиссия "Қырғызша оңай"/"Easy Kyrgyz" деп аталған қырғыз тілін үйрену бойынша мобилдік қосымша әзірледі. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия төрағасы Мелис Мураталиев қосымшада орыс, ағылшын тілділерге қырғыз тілін жеңіл үйрету шарты қаралғанын жеткізді. Бұл қосымшаны барлық смартфондарға жүктеп алуға болады.

2023 жылдың шілде айында ел президенті Садыр Жапаров "Мемлекеттік тіл жөнінде" конституциялық заңға қол қойды. Оған сәйкес, мемлекеттік мекемелер іс қағаздарды міндетті түрде қырғыз тілінде жүргізуі тиіс. Ел алдындағы ресми шаралар да мемлекеттік тілде өтеді.

XS
SM
MD
LG