Ссылки доступа

Қытай компаниясы Ташкент облысында күн электр станциясын салады


Өзбекстанның Ташкент облысы Бұқа ауданында құны 150 млн доллар тұратын күн электр станциясының құрылысы жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы облыс әкмідігі хабарлады.

Жақында аудан әкімі Бахтиёр Бегматов бастаған топ, сонымен бірге Қытайдың China DaTang Corporation компаниясының өкілдері "Бұқа" махалласы аумағында бірлескен жоба қалай жүзеге асып жатқанымен танысты.

Тараптар жобаға қатысты пікірлерін ортаға салып, қандай нәтиже күтетінін айтты.

Сонымен бірге қуаты 263 мегаватт болатын күн фотоэлектр станциясының құрылысы басталды деп жарияланды.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған жарлыққа сәйкес, Қытай инвесторлары Бұқа ауданындағы "Бұқа" махалласы аумағында 621 га жерге құны 150 млн доллардың күн фотоэлектр станциясын салып, электр желілерін тартады.

XS
SM
MD
LG