Тергеушілердің мәліметінше, бұл топ ірі көлемде тауарлар және көлік құралдарын ұрлау каналын ұйымдастырып, ұйымдасқан қылмысты қаржыландырып келген.
Қылмысқа күдіктілер 20-дан астам адамның екі млрд теңгеден астам мүлкін ұрлаған.
"Топта тақ иелері және рөлдерді бөлісу болған. Оның құрамына қылмыскерлердің және деструктивті діни ұйымдардың, оның ішінде түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың өкілдері кірген", - деп айтылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінде.
Тінту кезінде қамалғандардың жанынан нақты ақша мен экстремистік әдебиеттер табылған.
Комитет тергеудің құпиялығына байланысты одан артық мәлімет бермеді.