10 қыркүйекте сот оны "балағаттау" және "ұсақ тәртіпсіздік" үшін 2,5 миллион сум (200 долларға жуық) айыпқа жыққан. Хасановтың туыстары оны блогерлік қызметі үшін қамауға алды дейді.
Хасанов қамауға алынғанға дейін Фейсбуктағы парақшасына жергілікті тұрғынның арызы мен видеосын жариялағаны үшін қуғындалып жатқанын білдірген.
Бірақ Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы блогер жергілікті тұрғынның арызы негізінде қамалғанын, қоғамдық орындардың бірінде әйел блогерден оны видеоға түсірмеуді сұрағанын, бірақ Хасанов оны тыңдамағанын хабарлады.
Үш баласы бар Хасанов бұрын облыстық "Овози Самарканд" газетінде істеп, қазір тәуелсіз журналист болып, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, билікті өзекті проблемаларға назар аударуға шақырып келеді.