Ссылки доступа

III Халық құрылтайы Бішкекте желтоқсанда өтеді


Қырғызстан президеніт Садыр Жапаров 20 қыркүйекте III Халық құрылтайы өтетін уақытты анықтайтын жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының жарлығы 24 қыркүйекте "Эркин-Тоо" газетінде жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Халық құрылтайы Бішкекте 20 желтоқсанда өтеді. Оған 700 делегат қатысады.

Халық құрылтайы институты Қырғызстан конституциясында айтылған. Онда құрылтай өткізу үшін конституциялық заң қабылдануы керектігі жазылған. Алайда 2022 жылы бірінші құрылтай өткен уақытта мұндай заң қабылданған жоқ. Соған қарамастан Жапаров осындай жиын өткізуге рұқсат берді.

"Халық құрылтайы туралы" заң 2023 жылғы жазда қабылданды. Жиынға қатысатын 700 адам құрылтай кезінде ғана сайланады. Президент әкімшілігі олардың құзыретін бір жылға созуды ұсынған, алайда парламент депутаттары оған қарсы болған.

Заңда Халық құрылтайы қоғамды дамыту, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді көздейтін кеңестер берумен ғана шектелетіні жазылған.

XS
SM
MD
LG