Ссылки доступа

Ташкентте көлік компаниясының бұрынғы басшысына қарсы сот басталды


23 қыркүйекте Ташкентте "Тошшахартрансхизмат" компаниясының бұрынғы төрағасы Әнуар Жураевқа қарсы сот басталды.

"Газета.uz" басылымының хабарлауынша, сот ашық өтеді деп айтылғанына қарамастан, судья журналистерге суретке, видеоға түсіруге, дыбыс жазуға тыйым салды.

Айыптаулардың басым бөлігіне қатысты айыптау қорытындысы әлі шықпағандықтан сот 30 қыркүйекке ауыстырылды.

Әнуар Жураев биыл 7 ақпанда прокуратура шағымы негізінде ұсталған. Сол уақытта ол Ташкент қалалық көлік басқармасының басшысы, "Тошшахартрансхизмат" компаниясының төрағасы қызметтерін атқарып жүрген.

Бұрынғы шенеунікке қарамағындағылармен ауыз байланып, мемлекет мүлкін ұрлады деген айып тағылған.

Қылмыстық іс аясында 21 адамға айып тағылған. Олардың сегізі қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG