Ссылки доступа

Ташкентте мұғалімнің орнына сабақ берген завуч оқушыны сабаған


Ташкентте орыс тілі мұғалімінің орнына сабақ берген оқу ісінің меңгерушісі (завуч) 6 сынып оқушысына қол көтерген.

Балалар омбудсмені таратқан мәліметке қарағанда, оқу ісінің меңгерушісі қызметіне алынған әйел әлі сынақ мерзімінде жүрген. Ол оқиға болған күні уақытша орыс тілімі мұғалімінің орнына сабақ берген.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан, мұғалімнің оқушыны сабап жатқанын көруге болады.

Бұл оқиғадан кейін баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағымданған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG