Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аудандық №1 орта мектептің оқушылары Какир темір жол станциясына барып, адам кіруге болмайтын аймаққа өткен.
Оқушылар астық тиелген вагондардың үстіне мінген. Селфи жасамақ болған екі оқушыны қуатты тоқ соққан.
Дәрігерлердің айтуынша, бір оқушының денесінің 65 пайызы күйіп қалған, екіншісінің оң жақ жамбасы сынған.
Ферғана облыстық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басқармасы осы оқиғаны тексеріп жатыр.