Ссылки доступа

Ресей СІМ Ташкенттегі мектепте болған оқиғаға назар аударды


Ресей сыртқы істер министрлігі Ташкент қаласындағы № 188 мекепте орыс тілі пәні мұғалімінің алтыншы сынып оқушысын ұрғанына назар аударды.

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова 25 қыркүйектегі брифингте осы мәселені мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Захарованың айтуынша, Ресей СІМ Өзбекстаннан оқиғаның қалай болғанын түсіндіруін ресми түрде сұраған. "Стратегиялық әріптес әрі одақтас екі елдің достық қарым-қатынасында тіл мәселесіне қатысты ешқандай араздық болмауы тиіс" дейді Захарова.

Бұған қоса Ресей СІМ Өзбекстаннан "БАҚ-та жарияланған материалдарды заң тұрғысында тексеруді, олардың жазғаны рас болса, балаға қол көтерген адамға шара қолдануды" сұраған.

Өзбекстан парламенті палатасының вице-спикері, "Миллий тикланиш" партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров Захарованың айтқандарына қатысты мәлімдеме жасады.

"Өзбекстан мектебінде баланың, Өзбекстан азаматының құқығы бұзылды. Өзбекстан халқы атынан қабылданған заңдар негізінде шара қолданылады" деп мәлімдеді Қадыров.

"Ол өзгенің ішкі ісімен емес, өз ісімен айналысса дұрыс болар елі" деген Қадыров Telegram-арнасына Ресей мектептеріндегі жағдайды көрсететін видео жариялаған.

Осының алдында жергілікті ақпарат құралдары орыс тілі пәнінің мұғалімі алтыншы сынып оқушысын ұрғаны туралы хабарлаған.

Баланың анасы Facebook әлеуметтік желісіне даудың неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, бала мұғалімнен орыс тілі сабағын өзбекше емес, орыс тілінде жүргізуді сұраған. Кейін оқушының анасы желідегі жазбасын өшіріп тастаған.

XS
SM
MD
LG