Бұл жөнінде "Шекарасыз өзендер" қоғамдық қоры мәлімдеді. Аталған аймаққа ЮНЕСКО және Табиғатты қорғау халықаралық одағы (ТҚХО) өкілдері жақында барған.
Қордың мәліметі бойынша, арнайы делегация "Батыс Тянь-Шань" трансшекаралық дүниежүзілік табиғи мұраның қазіргі жағдайын көруге барған.
Қырғызстанның Чаткал ауданында алтынды заңсыз игеріп жатыр. Чаткал өзенінде ГЭС құрылысы салынбақ.
Қазақстанда Өгер өзенінен ГЭС салынбақ. Оның жоспары да таныстырылған.
"Өзбекстанда болса Дүниежүзілік мұра аймағындағы Чаткал мен Өгем өзенін бөгендермен бекітіп тастаған.
"Шекарасыз өзендер" қорының өкілдері Өгем өзенінің арнасын бұзып, "бетон жиде" кигізіп, жасанды канал салып жатыр дейді.
ЮНЕСКО мәліметінше, "Батыс Тянь-Шань" — Орталық Азиядағы тау жүйесі, Тәңір тауының батыс бөлігі. Батыс Тәңір тауын Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Шатқал (4503 м), Құрама, Пскем, Өгем (Угам) және Қаратау жоталары құрайды.