Сот қарындасының өлімі Айтбектің психоэмоционалдық жағдайына теріс әсерін тигізіп жатқанын ескеріп, шағымды жартылай қанағаттандырған.
Сот Бішімбаевтан қылмыстық істің шығындарын – 6 миллион 877 мың 672 теңгені (14,3 мың доллар) және 10 миллион теңге (20,8 мың доллар) моральдық зиянның орнын толтыруды талап еткен.
Астананың ауданаралық қылмыстық соты биыл 13 мамырда Бішімбаевты әйелі Салтанат Нүкенованы "азаптап өлтірді" деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын күшейтілген колонияда өтеуге кескен.
Тамыз айында Айтбек Амангелді Қуандық Бішімбаевтың үстінен жаңа арыз жазғаны белгілі болды. Ол келтірілген материалдық шығынды өндіруге және моральдық зиянның орнын толтыруға бағытталған.