Чехиядағы "Азалы адамдар" үкіметтік емес ұйымы қырғыз журналисіне адам құқықтарын қорғау саласындағы еңбегі үшін бұл сыйлықты берді. Сыйлық беру рәсімі Прагада өтті.
Сыйлық адам құқықтарын қорғайтын жастарға арналған. Биыл бұл сыйлыққа 75 талапкер көрсетілген.
Айке Бейшекеева - Temirov Live каналында фактчек жасап келген журналист. 23 жаста, Польшада білім алған. Ол биыл қаңтарда Temirov Live және “Айт айт десе” жобасының 11 журналисімен бірге қамалған. Оларға "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы бойынша айып тағып отыр. Қазір сот ісі жүріп жатыр.