Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" Душанбе мен Хорог арасында әуе қатынасы қайта ашылғанын хабарлады


"Тәжік Эйр" ұлттық компаниясы Душанбе мен Хорог арасында әуе қатынасы қайта ашылғанын жариялады.

Әуе компаниясының бас директоры Парвиз Шодмонзоданың айтуынша, жолаушы ұшақтары Хорог қаласына 30 қыркүйектен бастап қатынай бастайды.

Рейс аптасына үш мәрте - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асады. Ұшақ Душанбеден Хорогқа 1 сағат 10 минутта ұшып жетеді. Ұшақ билеті 900 сомони тұрады.

Таулы Бадахшан автономиялы облысының орталығына 17 адамдық Ан-28 ұшағы қатынайды.

"Тәжік Эйр" ұшақтары Хорог қаласына ұшуды 2017 жылы тоқтатқан. Содан бері жолаушылар автономиялы облыс орталығына автокөлікпен ғана қатынап жүрген.

XS
SM
MD
LG