Ссылки доступа

Түркіменстан трансұлттық қудалауға жиі жүгінетін бес елдің қатарына енді


Түркіменстан шетелдегі ойы еркін азаматтарды белсенді түрде қудалап, сол арқылы трансұлттық репрессияға жиі жүгінетін бес елдің қатарына енді. Бұл туралы халықаралық «Freedom House» құқық қорғау ұйымының есебінде айтылды.

Ұйымның жаңа зерттеуінде әлем елдерінің үкіметтері шетелдегі ойы еркін саяси босқындар мен диаспора өкілдеріне қысым көрсету мақсатында трансұлттық репрессияға жиі жүгінетіні жазылған.

2023 жылы 25 елдің үкіметі 125 мәрте трансұлттық репрессия жүргізген. Олардың арасында кісі өлтіру, адамдарды ұрлау, тонау, ұстау, заңсыз депортациялау қылмыстары да бар. Репрессияның мұндай әдісін жиі қолданатын елдердің алғашқы бестігіне Түркіменстан, Ресей, Қытай, Мьянма және Камбоджа енген.

Freedom House мәліметінше, 2014 жылдан бері әлем елдерінің 20 пайыздан астамының билігі шетелдегі саяси белсенділерді, журналистерді, аз ұлттар мен діни ағымдар өкілдерін қудалаған.

2014-2023 жылдар аралығында әлемде 1034 трансұлттық репрессия тіркелген.

XS
SM
MD
LG