Ақпаратқа қарағанда, "Аэрофлот" Тегеранға Airbus A330-300 ұшағын жіберген. Иранның Mahan Air компаниясы оның доңғалағын жөндейді.
РБК дереккөзінің сөзінше, ұшақты Иранда техникалық жөндеуден өткізу мәселесін бірнеше ай бойы талқылаған. "Аэрофлот" осыған дейін HAECO Гонконг тобына қайрылған.
1 сәуірге қарсы "Аэрофлоттың" әуепаркында Airbus және Boeing маркасындағы 178 ұшақ болған.
2022 жылы ақпан айында АҚШ, Еуропа одағы (ЕО) бастаған бірқатар елдер ресейлік әуе компаниялардың ұшақтарына санкция салған.