Актёрға қарсы арыздардың бірін 2014 жылы оның көмекшісі болып істеген әйел (ол кезде 24 жаста болған) жазған.
Екінші арызды 53 жастағы суретші-қоюшы жазып, Депардье 2021 жылы фильм түсіру кезінде зорлық көрсеткенін білдірген.
Бұдан бөлек актриса Шарлот Арну 2020 жылдан бері актерді сексуалдық әлімжеттік көрсетті деп айыптап келеді. Оның сөзінше, Депардье оны 2018 жылы 22 жасында екі рет зорлаған. Жалпы актерге сексуалдық зорлық бойынша 15-тен астам айып тағылған. 2023 жылы Депардьенің зорлық көрсеткені туралы арнайы деректі фильм жарияланған.
Актердің адвокаттары соңғы айыптаулар бойынша AFP журналистерінің сауалдарына жауап берген емес. Депардье өзіне тағылған айыптауларды теріске шығарып келеді.