Ссылки доступа

Оппозиционер Алексей Навальный қатаң режимдегі колонияда ескерту алды 


Алексей Навальный Мәскеу сотында, 2021 жылдың ақпан айы
Алексей Навальный Мәскеу сотында, 2021 жылдың ақпан айы

Мелеховодағы қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылғаннан кейін оппозиционер Алексей Навальный ескерту алды. Бұл жөнінде ол өзінің инстаграм парақшасына жазды. 

"Мұнда келгеніме бір апта өтпей жатып, маған ескерту жасалды", - деп жазды ол.

Онда Навальныйға қарсы "түрме киімі формасын бұзды" деген рапорт жазылған. Ол таңертең жуынуға арнайы форма киюдің орнына, жеңіл жидемен барған делінген.

"Таңғы 6-30-да барлық зэктер жеңіл жидемен жуынуға барады. Бірақ мен олар үшін қауіптімін! Мен экстремист ретінде жүрмін әрі менің үстімдегі жеңіл жидем қазіргі билікке қауіп туғызады. Сол себептен мені комиссия шақырып алып, ескерту жасады", – деп жазды Навальный.

Оппозиционердің жазуынша, өзін кез-келген уақытта айыппұл изоляторына қамауы мүмкін. Онда "өкпең қабынып қайтыс болуың мүмкін болмаса нардан құлап, мойныңды бұрап алуың мүмкін" дейді.

Мелеховодағы абақтының тұтқындары мұндағы азаптауды айтып, бірнеше рет шағым түсірген. Былтыр наурыз айында "Медиазона" басылымы түрменің бұрынғы тұтқыны Иван Фоминнің хатын жариялаған.

Биыл наурыз айында Навальный "ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

24 мамырда Мәскеу қалалық соты оның апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін күшінде қалдырды.

14 маусымда ол Мелеховодағы қатаң режимдегі түрмеге жөнелтілген.

XS
SM
MD
LG