Ссылки доступа

AP: АҚШ Украинаға шамамен 3 млрд доллар әскери көмек береді


АҚШ Украинаға 2,85 млрд доллар әскери көмек бөледі. Жаңа пакетке бірнеше ондаған Bradley жаяу әскер көлігі кіреді. Бұл туралы Associated Press агенттігі АҚШ президенті әкімшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Әскери көмек берілетіні жөнінде ресми түрде жұма күні жарияланады деп жоспарланған. Жаңа пакет Пентагонның Украинаға көрсеткен көмегінің ең үлкені болмақ.

Әскери көмекте не бары әзірге айтылмады. АҚШ билігі оны көктем басталғанша жеткізуді көздеп отыр. Сол кезде әскери қимылдар жандана түседі деп болжанған.

Бұның алдында АҚШ пен Германия Украинаға әскери көмек аясында 90 дана Bradley және Marder жаяу әскер көлігін жеткізуге келіскен. Сонымен бірге Байден мен Шольц Украина Қарулы күштеріне зымыранға қарсы кешен мен әуе қорғанысы жүйесін жеткізе беруге уағдаласқан. Атап айтқанда, Германия Украинаға Patriot әуе қорғанысы жүйесінің қосымша батареяларын жеткізеді, мұндай кешенді Құрама Штаттар да береді.

2022 жылғы желтоқсанның аяғында АҚШ Украинаға $1,85 млрд әскери көмек беретінін жариялаған. Оның құрамына Patriot әуе қорғанысы кешені мен JDAM "ақылды" әуе бомбалары кірген.

XS
SM
MD
LG