Ол елдегі өткір проблемалар туралы еркін айтып жүрген санаулы саясаткердің бірі. Оппозициядағы саясаткердің ұсталуын қоғам елде еркіндікті шектеу деп қабылдады.
Хакимовтың туыстары баспасөзбен сөйлесуден бас тартты, бірақ Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөзі Шокиржон Хакимовты бір апта бұрын, 12 шілдеде Бас прокуратураға шақыртқанын, содан кейін оны қамап тастағанын айтқан.
Дереккөз мәліметінше, саясаткер демократиялық партияның бұрынғы басшысы Саиджафар Усманзоданың үстінен қозғалған іс бойынша ұсталған. Усманзода да қазір Душанбеде тергеу изоляторында отыр.
Әзірге ресми мәлімет жоқ. Хакимовтың тустары адвокат жалдап, істің мән-жайын білуді көздеп отыр.
Шокиржон Хакимов әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы, бірақ 7 шілдеден бері ештеңе жазбаған. Шамамен сол уақыттан бері оның телефоны өшіп тұр.
Хакимовтың жақтастарының айтуынша, саясаткер 16 шілдеде анасын жерлеуге қатыса алмаған.
58 жастағы Шокиржон Хакимов Канибадамда туған, заң ғылымдарының докторы. Шокирджон Хакимов 2005 және 2010 жылдары өткен парламент сайлауларын сынап, саяси науқандардың нәтижесін танудан тас тартқан.