Ссылки доступа

Армения Әзербайжанды "тұтқындағы армян жауынгерін азаптап өлтіріп, денесін қорлады" деп айыптады


Архивное фото
Архивное фото

Армения сыртқы істер министрлігі Әзербайжанды "тұтқындағы армян жауынгерлерін азаптап өлтіріп, денесін қорлады" деп айыптады. Халықаралық заңнамада мұндай әрекеттер әскери қылмыс болып есептеледі. Ереван Еуропа соты мен БҰҰ халықаралық сотына үндеу жасады.

"Әзербайжанның әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған кейбір видеороликтер Әсербайжанның әскери қылмыс жасағанын көрсетіп отыр," — дейді Армения сыртқы істер министрлігі. Азаттықтың Армян редакциясы үзінді келтірген мәтінде "бұл жайтқа халықаралық тексеріс жүргізіліге тиіс" деп жазылған.

2 қазанда Армения омбудсвумені Кристина Григорян "қолдан жасалмағанын мамандар растаған видеороликте Әзербайжанмен қақтығыста қолға түскен 7-8 армян жауынгерінің сотсыз атылғаны көрсетілген" деп мәлімдеді. Григорян қылмыстың қай жерде, қай күні жасалғаны да белгілі екенін айтқан.

Бұған дейін әлеуметттік желіде 36 жастағы армян жауынгерінің қорланған денесі көрінетін видео тараған. Армения қарулы күштері бас штабының бастығы Эдуард Асрян қылмысты әзербайжан әскери қызметкерлері 16 қыркүйекте жасаған деп мәлімдеді.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі бұл айыптауға "екіжүзділіктің көрінісі" деп жауап бергенін Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады. Баку де Ереванды "әскери қылмыс жасады" деп айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен. Әербайжан сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желіге тараған видеоның тексерілетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG