Ссылки доступа

Баку мен Ереван Таулы Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешеді


Президент Азербайджана Ильхам Алиев, президент России Владимир Путин и премьер-министр Армении Никол Пашинян в Сочи, Россия. 31 октября 2022 года
Президент Азербайджана Ильхам Алиев, президент России Владимир Путин и премьер-министр Армении Никол Пашинян в Сочи, Россия. 31 октября 2022 года

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аумағын бақылау мәселесін шешу кезінде "күш қолданбауға" келісті. Бұл туралы Ресейдің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздейін кейінгі бірлескен мәлімдемеде жазылған, деп хабарлады AFP.

Тараптар "дауды егемендік пен аумақтық интеграцияны өзара мойындау қағидасына сүйене отырып", сонымен бірге проблемалардың бәрін БҰҰ жарғысы мен 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде шешуге келісті.

Армения мен Әзербайжан арасы 2020 жылдан бері күрт суып кетті. Бір ай бұрын ғана дауды бейбіт жолмен шешу жөнінде бастама көтерілді. Кремль сайтында жарияланған мәлімдемеде Сочидегі келіссөзге қатысқан тараптар өзара сенімді нығайту үшін үшжақты парламентаралық байланыс орнатуға келісті.

Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақты Әзербайжанның егемен аумағы деп мойындайды, алайда 1990-жылдардың басында Баку бұл өңірдің басым бөлігін бақылаудан айрылып қалды.

2020 жылдың күзіндегі ұрыстардан соң Әзербайжан мен Армения атысты доғару туралы келісімге отырды. Мұндай бітім Ереванда оппозицияның наразылығын туғызды. Баку Таулы Қарабақ аумағының басым бөлігін қайтарып алды. Өңірге Ресейдің бітімгер күштері орналасты.

Таулы Қарабақ әлі тыныш емес. 13 қыркүйекке қараған түні армян-әзербайжан шекарасында атыс болып, екі жақтан да бірнеше жүз жауынгер мерт болды. Баку мен Ереван арандатты, агрессия көрсетті деп бір-бірін айыптады. Қазанның ортасында тараптар Армения мен Әзербайжан шекарасы бойына еуропалық бақылаушылар миссиясын орналастыруға келісті.

XS
SM
MD
LG