Ссылки доступа

Тәжікстанда мектептер 10 балдық бағалау жүйесіне өтеді


Тәжікстан мектептерінің бірі.
Тәжікстан мектептерінің бірі.

Тәжікстанның білім беру министрлігі мектептердегі қазіргі бағалау жүйесін өзгертуді қарастырып жатыр: бес балдық бағалаудың орнына он балдық бағалау жүйесі енгізіледі.

Қазір жаңа жүйе өлке бойынша 140 орта мектепте сыналып жатыр. Бірақ бірқатар мұғалімдер қазір білімнің сапасына көңіл бөлу маңыздырақ деп есептейді.

Елдің білім министрлігі мұғалімдерді жаңа жүйе бойынша оқыту кезең-кезеңмен жүргізіледі деді.

Тәжікстан мектептерінде мұғалімдердің айлығының төмендігі, кадр тапшылығы, қосымша жұмысқа тарту секілді мәселелер шешілмей келеді.

Тәжікстанда 4 мыңнан астам мектеп бар, оларда 2 миллион 280 мың оқушы оқиды.

XS
SM
MD
LG