Ссылки доступа

Тәжікстан билігі электр қуатына шектеу енгізді


Тәжікстанда "Барки точик" мемлекеттік кәсіпорыны биыл қыз ұзақ әрі суық болатынын, солл себепті 22 қыркүйектен бастап электр қуатына шектеу қойылатынын хабарлады. Бұған дейінгі жылдары мұндай шектеу қазан айында жарияланатын.

"Барки точик" 21 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде электр қуатына шектеу енгізу себебін су тапшылығымен, халық санының өсуімен байланыстырды. Тәжікстан энергетика министрі Дәлер Жұма шілде айында халыққа "қыста отын болатын көмір қорын жинауға" кеңес берген.

21 қыркүйекте әлеуметтік желілерде бірнеше қолданушы Душанбенің бірнеше махалласында, Гиссарда және елдің басқа да өңірлерінде жарық сөніп қалып жатқанын жазып, билікті сынады. Тәжік билігі елдегі электр қуаты тапшылығын 30 жылдан бері шеше алмай отыр.

Тамыз айында "Барки точик" холдингінің басшылығы елде Рогун ГЭС-і толық іске қосылмайынша, жылда қыста жарық сөне беретінін ескерткен. Әзірге Рогун су электр станциясының екі агрегаты ғана істеп тұр. Үшіншісі 2025 жылы қосылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG