Навальная "экстремистік топтың қызметіне қатысты" деп айыпталып жатыр.
Мәскеу сотының баспасөз қызметі Юлия Навальнаяға іздеу жарияланғанын де мәлімдеді. Бірақ "Медиазона" басылымы ІІМ іздеу жариялаған адамдардың тізімінде Навальнаяның аты-жөні жоқ екенін хабарлады.
"Х" желісінде Юлия Навальная Ресей президенті Владимир Путинді сынға алып, оны "әскери қылмыскер және адам өлтіруші" деп атады.
Юлия Навальная күйеуінің шетелдегі жақтастары құрған Халықаралық коррупцияға қарсы күрес қорының Байқаушы кеңесін басқарады.
Шілденің басында ол ресейлік оппозиционер Гарри Каспаров жетекшілік етіп келген Human Rights Foundation (HRF) атты халықаралық құқық қорғау ұйымының басшысы болғанын хабарлаған.
Алексей Навальный негізін құрған Коррупцияға қарсы күрес қоры мен оның сайлау штабтары Ресейде "экстремистік және террористік ұйымдардың" тізіміне енгізіліп, олардың белгілерін қолдануға тыйым салынған.
Алексей Навальный 19 жылға сотталып, соңғы үш жылдан бері абақтыда отырған. Ол биыл 16 ақпанда қаза болды.