Ссылки доступа

Байден Украинаға 45 млрд доллар бөлуді қарастыратын заңға қол қойды


Владимир Зеленский мен Джо Байден
Владимир Зеленский мен Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден 2023 жылдың бюджетін бекітті. Құрама Штаттардың алдағы жылдағы бюджеті шамамен бір триллион 700 миллиард доллар болды.

Заңда 2023 жылы қорғаныс министрлігін қаржыландыруға шамамен 858 миллиар доллар бөлінетіні айтылған. Қорғанысқа аударылатын қаражат биылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Шамамен 45 миллиард доллар Украина мен НАТО елдеріне көмек ретінде аударылады.

21 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Конгресте сөз сөйлеп, америкалық заң шығарушылардан елге қосымша көмек сұраған. "Ақшаларыңыз қайырымдылық емес, ғаламдық қауіпсіздікке салынған инвестиция болады", - деп мәлімдеген Зеленский.

Қорғаныс министрлігіне бөлінетін шамамен 140 миллиард доллар гипердыбыс зымырандары секілді қару-жарақ түрлерін жасауға, болашағы зор зерттеулерге жұмсалады.

2023 қаржы жылының бюджет жобасын бұның алдында АҚШ Конгресінің қос палатасы мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG