Жексенбіде түнде Иран Израильді зымыран мен дрондармен атқылаған.
Ақ үйдің хабарлауынша, президент Израиль, Украина және Тайваньға көмек бөлу жөніндегі заң жобасын Қауымдар палатасы тезірек мақұлдауы керек деп мәлімдеген. Құжатты бұның алдында Сенат қабылдаған.
Заң жобасына сәйкес, АҚШ Израильге 14 млрд долларға жуық, ал Украинаға 60 млрд доллардан астам көмек береді.
Украина билігі де Конгрестен көмек жөніндегі заң жобасын тезірек қабылдауды сұрап отыр. Киевке бұл қаражат әуе кеңістігін қорғау жүйесін күшейту үшін керек.