«Бұл ел Америкада патша болмайды деген қағидамен құрылған» деп мәлімдеген Байден заңнан ешкім жоғары еместігін атап өтті. Оның пікірінше, Жоғары сот шешімі осы қағиданы «бұзды».
Байденнің мәлімдеуінше, халық Трамптың 2021 жылғы 6 қаңтардағы ереуілдегі рөлін «білуі тиіс», бірақ ол ақиқат сайлаудан кейін ғана ашылуы мүмкін.
АҚШ Жоғарғы соты дүйсенбі күні бұрынғы президент Дональд Трамп адвокаттарының шағымына қатысты шешімін жариялады. Заңгерлер президент иммунитеті сақталуын талап еткен. Сот Трамп конституциялық міндетін атқару барысында президент иммунитеті құқығына ие деп шешкен. Мұндай иммунитет оның жеке шаруасына қатысты әрекеттеріне жүрмейді.