Ссылки доступа

Байден: АҚШ Украинаға зымыранды дүркіндетіп ату жүйелерін береді


Президент США Джо Байден
Президент США Джо Байден

Құрама Штаттар Украинаға Ресеймен соғыс кезінде "ұрыс алаңындағы маңызды нысандарға дөп тигізетін озық үлгідегі зымыран жүйелерін" жеткізеді. АҚШ президенті Джо Байден The New York Times газетіндегі бағанасына осылай деп жазды.

Дегенмен АҚШ Украинаға "өз шекарасынан тыс жерлерді атқылауға" жол бермейді, дейді Байден. Бұл жағдайда соғыс одан сайын шиеленісуі мүмкін.

Байден мақаласы жарияланған соң, АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды бір өкілі Украинаға 80 шақырымға дейін ұша алатын HIMARS зымыран жүйесі берілетінін айтты. АҚШ мұндай қарудың нақты қаншасын жеткізетіні әзірге белгісіз. Алысқа ұшатын қару түрлері Киевте берілмейді, дейді америкалық әкімшілік өкілі.

HIMARS ресейлік "Смерч" реактивті артиллериясынан алысқа ұшады. "Смерч" 70 шақырымға дейінгі нысананы көздей алатынын мәлім.

Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері АҚШ Киевке төрт миллиард доллардың әскери көмегін берді.

Зымыран жүйелерін Украинаға жеткізу мен украин мамандарына үйретуге кем дегенде екі апта уақыт кетеді.

XS
SM
MD
LG