Ссылки доступа

Ақ үй: Солтүстік Корея Ресейге құпия түрде оқ-дәрі беріп жатуы мүмкін 


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин

АҚШ Солтүстік Корея құпия түрде Ресейге артиллериялық снарядтар тасымалдап жатуы мүмкін деп күдіктенеді. Бұл туралы CNN телеканалы америкалық барлау және президент Джо Байден әкімшілігі өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.  

АҚШ барлау мәліметіне қарағанда, Солтүстік Корея оқ-дәрілер Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өлкелеріне кетіп жатқандай түр көрсетуге әрекет еткенімен, шын мәнінде олар Ресейге бағытталған.

Бірақ Пхеньян Ресейге қанша оқ-дәрі жөнелткені жөнінде мәлімет жоқ. Алайда АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби Вашингтон Солтүстік Кореядан Ресейге қару-жарақ жеткізу мүмкіндігін бақылап жатқанын жеткізді.

Әзірге Ресей мен Солтүстік Корея өкілдері бұл мәлімет бойынша ешқандай пікір білдірмеді.

Қыркүйек айында АҚШ-тың барлау қызметі Ресей Солтүстік Кореядан артиллериялық снарядтарды және зымырандар сатып алып жатқанын мәлімдеген.

Осыған дейін Ресей Ираннан "Шахед-136" деп аталатын жанкешті-дрондарды алып жатқаны белгілі болды. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі мен Иран ресми түрде мұны теріске шығарған.

Солтүстік Корея әлемдегі ең ірі артеллериялық топтардың біріне ие. Өлкедегі қару-жарақтың көбі советтік калибрдегі снарядтарды қолданады. Демек олар Ресейдің артиллериясына да сәйкес келеді.

XS
SM
MD
LG