Ссылки доступа

АҚШ Украинаға қосымша 2 млрд доллар көмек береді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевтегі баспасөз мәслихаты кезінде Украинаға қосымша 2 миллиард доллар көмек берілетінін жеткізді.

Блинкен Киевке берілген көмектің аясында қорғаныс өнеркәсібі үшін қор құрылатынын, ол Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ету, инвестиция және басқа елдерден қару-жарақ сатып алу істерімен айналысатынын айтты.

"Біз әскери және қарапайым азаматтарды қорғау үшін оқ-дәрілерді, заманауи техниканы, зымырандарды, әуеден қорғану жүйесін жедел жеткізе аламыз", - деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

АҚШ президенті Джо Байден 24 сәуірде Украинаға 61 млрд доллар көмек беру заңына қол қойған.

Зеленский Украина Patriot әуеден қорғану жүйесіне мұқтаж болып жатқанын, соңғы күнді Ресей шабуылдарын күшейткен Харьков облысына қажет екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG