Ссылки доступа

Bloomberg: Ресей мен Қытай арасында төлем жасау мүмкін болмай қалды


АҚШ маусым айында екінші қайтара санкция енгізгеннен кейін Қытай мен Ресей арасында төлем жасау өте қиындап кетті. Юаньмен де есеп айырысу мүмкін болмай қалды.

Транзакциялардың мұндай түрі бұғатталады немесе қатты кешігеді, деп жазды Bloomberg. Басылым мұндай мәліметті ресейлік топ-менеджерлердің сөзіне сүйене отырып хабарлады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын компанияның бір өкілі осы айда Қытайдан сатып алушылармен есеп айырысу қиындағанын мәлімдеген. Төлем жасаудың криптовалюта секілді бала түрлеріне көшу, үшінші бір елдер арқылы сауда жасау да қиындап барады.

АҚШ санкциясынан кейін Ресейдің БАӘ, Түркия және Үндістанмен арада төлем жасауы күрт қиындаған.

2023 жылғы желтоқсанда АҚШ президенті Джо Байден жарлыққа қол қойып, қаржы министрлігіне Ресейге қарсы санкцияны бұзған банктерге шара қолдану рәсімін әлдеқайда жеңілдеткен. Тәртіп бұзғандар SDN қара тізіміне енеді немесе америкалық несие ұйымдарының тосқауылға тап болады. Байден жарлығынан кейін Қытайдың Chouzhou Commercial, Industrial and Commercial Bank of China (ICBC), China Construction Bank (CCB) және Bank of China секілді банктері Ресей банктерінен төлем қабылдауды доғарған.

Сәуір айында Bloomberg Қытайдың Ресейге экспорты наурыз айымен салыстырғанда 16% төмендегенін хабарлаған. Сарапшылар мұны АҚШ-тың Қытай банктері мен компанияларына санкциялық қысымының артуымен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG