Ссылки доступа

Bloomberg Ресейдің дефолтқа ұшырағанын хабарлады


Президент России Владимир Путин и министр финансов Антон Силуанов (архивное фото)
Президент России Владимир Путин и министр финансов Антон Силуанов (архивное фото)

27 маусымға қараған түні Ресей шетел валютасындағы қарызы бойынша дефолт жасады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Агенттік мәліметінше, мұндай жағдай 1918 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Мәскеу дефолт болғанын жоққа шығарып отыр.

26 маусымда мемлекеттік облигациялар бойынша шамамен 100 миллион доллар төлемді жеңілдік уақытында өтеу мерзімі аяқталды. Агенттік мұны дефолт деп есептейді.

"Бұл - елдің тез арада экономикалық, қаржы және саяси қудалауға ұшырағанының жайсыз белгісі", өйткені Орталық банктің валюта қоры бұғатталған, ал ірі банктер әлемдің қаржы жүйесінен ажыратылған, деп хабарлады Bloomberg. Дефолт деген аты болмаса, оның ресейліктерге кері әсері жоқ.

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов агенттіктің бұл жағдайға "дефолт" терминін қолданғанын фарс деп атады.

Ресей кез келген қарызды өтеуге қаражаты жететінін мәлімдеп отыр. Өткен аптада Мәскеу федералдық қарызын рубльмен төлеуге ауыстыратынын мәлімдеген. Өйткені Кремль шетел валютасына қатысты жағдайды Батыс әдейі жасады деп есептейді.

Бұның алдында АҚШ қаржы министрлігі 2022 жылғы 25 мамырдан кейін Ресейдің федералдық қарызын шетел валютасымен өтеу лицензиясын созудан бас тартқан. Ресей қаржы министрлігі сыртқы қарызын рубльмен төлейтінін мәлімдеген.

Ресей Федерациясының сыртқы қарызының шамамен 40 миллиард доллары америкалық және еуропалық валюталармен белгіленген.

XS
SM
MD
LG