Ссылки доступа

Bloomberg: Түркияда Украинада бейбітшілік орнатуды көздейтін үшінші кездесу өтеді


Жыл аяғында Стамбұл қаласында Украинада бейбетшілік орнатуды көздейтін үшінші халықаралық кездесу өтуі тиіс. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттік мәліметінше, кездесуге қатысушылар Украинада тұрақты бейбітшілікке жету жолдарын талқылайды. Жүздесуге түрлі елдердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері, соның ішінде АҚШ өкілдері де қатысады. Bloomberg дереккөзінің айтуынша, саммитте Қытайдың да қатысқанын қалайды, бірақ Пекин өз өкілін жіберер-жібермесі әзірге белгісіз.

Ресей осы кездесуге, бұған дейін Дания мен Сауд Арабиясында өткен саммиттерге де шақырылмады. Ресей СІМ соңғы кездесуді «Ресейге қарсы коалиция жинауға ұмтылу» деп атаған.

Украина мен оның одақтастары Ресей агрессиясына орай бейтарап ұстанымда қалған елдерді Мәскеуге қарсы шығуға көндіруге талпынып отыр. Мұндай елдер арасында Бразилия мен Үндістан бар.

XS
SM
MD
LG