Ссылки доступа

Британ үкіметіндегі 30 адам Джонсонға наразылық ретінде жұмыстан кетті


Борис Джонсон
Борис Джонсон

Ұлыбритания үкіметіндегі 30-дан астам адам премьер-министр Борис Джонсонға сенбейтінін айтып, жұмыстан кетті. Олардың арасында министрлер, үкімет жұмысына қатысатын депутаттар да бар.

Сейсенбі күні денсаулық сақтау министрі мен қаржы министрі де қызметін өткізді. Бұған Джонсонның парламент өкілі Крис Пинчерді қызметке тағайындауы себеп болды. Консерваторлар партиясының өкілі мас болып, біреуге қырындағаны мәлім болған. Бір апта бұрын Пинчер қызметтен кеткен.

Сәрсенбі күні жұмыстан кеткен бірнеше министр Джонсонға хат жазып, премьер қызметін тапсыруын сұраған. Саясаткер олардың кеңесін тыңдамайтынын мәлімдеді.

11 шілдеде Консерваторлар партиясының комитеті басшылықты сайлау өткізеді. Партияны қазір Джонсон басқарып отыр.

Маусым айының басында Джонсон сенімсіздік вотумына қатысты дауыс беруде жеңіске жеткен. Сенімсіздік ұсынысын Консерваторлар партиясындағы әріптестері көтерген.

Сауалнамаларға сәйкес, премьер жұмысын британдықтардың 70 пайыздан астамы құптамайды.

XS
SM
MD
LG