Ссылки доступа

Әлемнің 30-дан аса елі Украинаны қалпына келтіру жөніндегі декларацияға қосылды


G7 тобына мүше бірнеше елдің жетекшілері
G7 тобына мүше бірнеше елдің жетекшілері

Жетілік тобының елдері мен әлемнің тағы жиырмадан аса елі Украинаны қалпына келтіру жөніндегі декларацияға қол қойды.

Осы құжатта олар бұған дейін мойнына алған жауапкершілігін тағы бір мәрте растаған. "Біз Украина мен оның халқына әскери, қаржылай, гуманитарлық көмек көрсету, оны қалпына келтіру сертімізден танбаймыз" деп жазылған декларацияда.

Бұған қоса, құжатта Ресей шапқыншылық әрекетін доғармайынша, Украинаға келтірген шығынын өтемейінше, ресейлік активтер бұғаттала беретіні айтылған. Декларацияда болашақта Ресейдің бұғатталған есептері Украина алаған несиені жабуға жұмсалатыны жазылған. Сонымен бірге, әлем елдері Украинаны қалпына келтіруге қосымша қаражат тартуды көздеп отыр.

Декларацияға қол қойған елдер Украинада маңызды инфрақұрылымдарды қалпына келтіріп, оның экономикалық дамуын тездетуге, реформалар жүзеге асыруға көмектеседі.

XS
SM
MD
LG