Ссылки доступа

Елуден астам мәдениет қайраткері Жерар Депардьеге араша түсті


Жерар Депардье
Жерар Депардье

Елуден астам мәдениет қайраткері Жерар Депардьені қорғайтын ашық хат жариялады. Француз актерін қыз зорлады, озбырлық көрсетті деп айыптап жатыр.

Le Figaro газетінде жарияланған хатқа қол қойғандар арасында актёр Пьер Ришар, Францияның бұрынғы бірінші ханымы Карла Бруни, актриса Кароль Буске мен Эммануэль Сенье, сонымен бірге британ актрисасы Шарлотта Рэмплинг те бар. Хат жазғандардың жартысы - әйел.

27 желтоқсанда Депардье 75 жасқа толды. Хат авторлары оны «ұлы актерлардың бірі» деп атап, «Франция оған қарыздар», «өнерге жасалған шабуыл» деп жазған.

Бірнеше күн бұрын Франция президенті Эмманюэль Макрон Депардьеге қарсы қоғамдық науқанды «арандату» деп атаған.

Жерар Депардье мен актриса Шарлот Арну соттап жүргеніне бірнеше жыл болды. Бұған қоса, 12-ден астам әйел актерді жыныстық зорлық көрсетті деп айыптаған, бірақ полицияға арызданбаған.

XS
SM
MD
LG