Зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Үш адамның жағдайы ауыр, екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Билік №3 және №10 трамвайлардың бағытын уақытша өзгертіп, жолақысын алып тастады. Жол апаты болған ауданда тегін автобустар жүреді.
6 маусымда таңертең трамвай басқарусыз қалып, биіктен төмен қарай сырғыған. Сырғып келе жатқан уақытта жолаушылардың бір көлігі салоннан түсіп қалған. Ақыры ол трамвай басқа бір трамваймен соғысқан. Жол апатына трамвай тежегішінің істен шығуы себеп болуы мүмкін.
Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.