Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлеріне әлеуметтік желідегі парақшасын жабуды талап етіп жатыр


Түркіменстанның Ахал облысында бюджет мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі парақшаларын жабу талап етілген.

Бұрын бұл талап әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ғана тиесілі болған.

Енді бюджет мекемелері қызметкерлері өз аккаунттарын сақтап қалудың жолдарын іздеп жатыр.

"Бюджет қызметкерлерінің ұялы телефондары тексеріліп, олардан IMO және басқа әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жабуға уәде еткені жөнінде тілхат жазып беру талап етілген", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісіне.

Бұдан бөлек VPN қызметін қолданғандар жұмыстан босатылатыны ескертілген.

Түркіменстанда Facebook, Instagram және X сияқты әлеуметтік желілер, сонымен бірге 122 мыңнан астам интернет деректері жабылған.

Бюджет қызметкерлері шетелдегі туыстарымен байланыста болу үшін интернет аккаунттары керек екенін айтады.

Techopedia басылымы мәліметіне сәйкес, 2023 жылы түркімен интернет қолданушылары Google системасы арқылы VPN серверлерін іздеу бойынша әлемде бірінші орынға шыққан.

XS
SM
MD
LG