Ссылки доступа

Грузияның экс-президенті Саакашвилидің ағзасынан мышьяк табылған


Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ағзасынан мышьяк табылды. Бұл туралы оның адвокаты Шалва Хачапуридзе мәлімдеді. 

Оның сөзінше, қазір АҚШ-тың білікті токсикологтарының бірі зерттеу қорытындысын қарап жатыр. "Әзірге біз тырнақтарының анализін алмадық. Бірақ телефон арқылы зерттеу қорытындысынан ағзасынан тағы бір зат – мышьяк табылғанын айтты", - деді адвокат.

"Эхо Кавказа" басылымы Саакашвили көпшілік алдына сәуір айынан бері шықпағанын жазды. Оның жақтастары мен отбасы мүшелері экс-президенттің өміріне қауіп төніп тұрғанына алаңдайды.

"Эмпатия" орталығының басшысы Мариам Жишкариани ұйымы жүргізген талдау бойынша Саакашвилиді уландырғанын анықтаған. Ал АҚШ-тағы зерттеу қорытындысына сәйкес, Саакашвили ағзасынан висмут, барий және сынап табылған.

"Екі ай бойы дене қызуы 39 градустан түспеді. Салмағын жоғалтты". Грузин депутаты Саакашвилидің денсаулығы жайлы былай деді:

Грузияны 2004-2013 жылдары басқарған бұрынғы президент былтыр 1 қазанда отанына оралған кезде ұсталған. Оған дейін қызметін асыра пайдаланды деген айыппен алты жылға сотталған.

Саакашвили 2007 жылы үкіметке қарсы демонстрацияны күшпен тарқатуға бұйрық берген және шекарадан заңсыз өтті деп айыпталып жатыр.

Қамауда отырғанда Саакашвили аштық жариялап, оның денсаулығы күрт нашарлаған. Мамыр айында ауруханаға ауыстырылған. Жақында экс-президентке қатысты сот отырысы қайта жалғасқан. Бірақ оның денсаулығына байланысты процестер кейінге шегеріліп жатыр.

Михаил Саакашвили 28 қарашада белгіленген сот отырысын қатыспады.

XS
SM
MD
LG