Озоди радиосының дереккөзі 6 маусымда білдіргендей, бас прокурор Юсуф Рахмон, Жоғарғы сот төрағасы Шермухаммад Шохиён және Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Мирзо сапармен Бадахшанға барды. Олар 7 маусымда Ванж ауданы Язгулом ауылы тұрғындарымен кездеседі.
Ақпаратқа сәйкес, отырыста Язгулом ауылындағы соңғы оқиғалар және қамауға алынғандар туралы сөз болады.
16 мамырда Тәжікстанның арнайы қызметі Язгулом ауылының 30-дан астам тұрғынын "диверсияға дайындалды" деген айыппен қамауға алған.
Жергілікті шенеуніктердің бірі 5 маусымда хабарлағандай, ұсталғандардың біразы Ауғанстаннан келген. Олар қару-жарақ қамбасын жасаған. Бірақ ресми дәлел жоқ.
Язгулом – Таулы Бадахшанның Ауғанстанмен шектесетін ауылы.