Ссылки доступа

«Вагнер» Африкаға жалдамалы сарбаздар жинап жатыр


Ростов-на-Дону тұрғынының "Вагнер" жауынгерімен түскен суреті. 24 шілде, 2023 жыл. Мұрағаттағы сурет
Ростов-на-Дону тұрғынының "Вагнер" жауынгерімен түскен суреті. 24 шілде, 2023 жыл. Мұрағаттағы сурет

Биыл ақпаннан бастап «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Африка елдеріне жіберу үшін тағы да жалдамалы сарбаздар жинауға кіріскен. Компанияны Антон Елизаров басқарады.

Кейінгі бір айда «Вагнер» компаниясының телеграм-арнасы жұмысқа қабылдау жөнінде жиырма шақты хабарлама жариялаған. «Вёрстка» басылымы мен Nordsint жобасы мұндай науқанның артында кімдер тұрғанын анықтады.

«Вагнер» бір жылға созылған үзілістен кейін жұмысты қайта жалғастырған. Алдын Украинадағы соғысқа адам жинаумен айналысқан осы компанияның жұмысы 2023 жылғы наурызда уақытша тоқтаған еді.

Енді, «Вагнерге» қатысы бар арналар мен чаттардағы жазбаларға қарағанда, компания Африканың батысындағы Малидегі операцияларға қатысу үшін жауынгер жинауға кіріскен. Мәліметтерге қарағанда, ақпан айының ортасында Малиде билікте отырған полковник Ассими Гоита «Вагнермен» келісімін созған.

Әскери компания Ресей азаматтарын ғана емес, Беларусь азаматтарын да қабылдап жатыр. Олар 22 жастан 50 жас аралығындағы ер азаматтарды шақырған; алты айдан басталатын келісім-шартпен 240 мың рубль айлық, сонымен бірге өмірін сақтандыру ұсынған. Украинадағы соғысқа адам жинаған уақытта да «Вагнер» осындай жалақы уәде еткен.

«Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы – Ресейдегі ресми емес қарулы құрылым. Оның негізін Владимир Путинмен жақын араласқан кәсіпкер Евгений Пригожин қалаған. Былтыр жаздағы қарулы бүліктен екі айдан кейін Пригожин өлтірілген. «Вагнер» жауынгерлерінің дені Ресей қорғаныс министрлігімен келісімге отырған.

XS
SM
MD
LG