Ссылки доступа

Ресейде "Крокус" ісі бойынша тағы бір тәжік азаматы ұсталды


Тверь қаласының Мәскеу аудандық соты Ашуров атты Ресей және Тәжікстан азаматын "Коркус Сити Холлдағы" терактіге айыпталып жатқан ағалы-інілі Диловар және Аминчон Исломовтарды тіркеуге алды деген айыппен екі айға қамауға шешім шығарды.

Тергеу мәліметі бойынша, Ашуров ағайынды Диловар және Аминчон Исломовтарды өз үйінде тіркеуге алған.

Диловар мен Аминчон Исломовтар 25 наурызда қамауға алынған. Оларға терроршылыққа көмектесті деген айып тағылды. Тергеу мәліметі бойынша, ағайынды Исломовтарды Шамсидин Фаридуни азғырған. Диловар Исломов теракті кезінде күдіктілер жүргізген Renault көлігінің иесі болып есептеледі.

Исломовтар өздеріне тағылған айыптар негізсіз екенін, олар шабуылға дайындалып жатқаны туралы мәліметтен хабарсыз екенін айтты.

"Крокус Ситидегі" шабуылда кемінде 145 адам қаза тапты. Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті-Хорасан" террорлық ұйымы мойнына алды. Кремль шабуылдың артында Украина тұр деп есептейді. Киев бұл ақпаратты теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG